BasNewsЖаңалықтар

БҰҰ-ның бес қызметкерін белгісіз содырлар ұрлап кетті

БҰҰ-ның бес қызметкері Йеменнің оңтүстігіндегі белгісіз содырлар ұрлап әкеткен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Annews басылымының мәліметінше, Йеменде орналасқан «Аль-Каида» филиалының мүшелері болған белгісіз содырлар шығыс аумаққа қарай Мудия аймағында БҰҰ қызметкерлері бар көлікті ұстап алып, оларды белгісіз бағытқа қарай алып кеткен. Ұрланғандардың арасында төрт йемендік пен бір шетелдік бар.

Әзірге адам ұрлығы үшін ешкім жауапкершілікті өз мойнына алмады.

БҰҰ өкілдері Абьяндағы гуманитарлық жағдайды зерттеу үшін Йеменде жұмыс сапарымен болғаны белгілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button