BasNewsЖаңалықтар

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде тасжол жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола және Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

13 ақпан күні сағат 12:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, жел, боран, жолдың көрінбеуі) Ақмола және Қарағанды облыстарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Атап айтқанда Ақмола облысы бойынша:

  • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1291-1425 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейінгі учаске,
  • «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтаннан Щучинскіге дейінгі учаске.

Қарағанды облысы бойынша:

  • «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 937-1135 шақырымы, Қарағанды қаласынан Павлодар облысына дейінгі учаске,
  • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 0-16 шақырымы, Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолындағы учаскедегі жолдар жабылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button