BasNewsЖаңалықтар

Алматы тұрғынының қорасынан мылтық табылды

Алматы полицейлері қала тұрғыннан сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полицейлері Наурызбай ауданы тұрғынының қорасынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдар тапты.

«Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К.есімді азамат ұсталды, оның 5 қаңтарда «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды. Сонымен қатар, күдіктінің 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қару- жарақты сарайда жасырған. Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

«Камерад» қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button