BasNewsЖаңалықтар
Мұхтар Әблязовтың сыбайласы елге жеткізілді
Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Рустам Ибрагимов экстрадицияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылғы 4 наурызда Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады.
«Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған. Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды», – делінген прокуратураның хабарламасында.



