BasNewsЖаңалықтар

Қарағандылық спортшы Еуропа Лигасының қатысушысы атанды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов молдавиялық «Шериф» ФК-мен келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі клубтың ресми  сайтына сілтеме жасап.

18 жастағы Данил Анкудинов Қарағанды тумасы. Футболды туған қаласында ойнай бастады. Содан кейін Испанияға шақырту алып, «Марсет» пен «Касабланка» клубтарында ойнады. Соңғы жарты жылда «Родина» ФК (Мәскеу) екінші командасы үшін ойнады.

Футболшы молдавиялық «Шериф» ФК-на іріктеуден өтіп, қарсыластарының қақпасына екі рет соққы берді.

«Мен келісімшартқа қол қойғаныма өте қуаныштымын. Маған осы үлкен отбасының мүшесі болуға рұқсат бергендеріңіз үшін рахмет!»- деп жазды Данил Анкудинов өзінің Instagram парақшасында.

«Шериф» ФК 2021 жылғы әлемнің үздік клубтарының рейтингінде «Интер» мен «Барселонаны» басып озды. Және 28-ші орында тұрды.

Өткен жылдың күзінде ұжым Чемпиондар лигасы турнирінің топтық кезеңіне қатысты. Клуб мадридтік «Реалды» жеңді. Нәтижесінде команда топта 3-ші орын алып, Еуропа Лигасына кірді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button