BasNewsЖаңалықтар

Ион теңізінде 237 жолаушысы бар кеме өртенді

Бүгін, жұмада Ион теңізінде бортында 237 жолаушысы бар лайнерде өрт шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

«Бортта 51 экипаж мүшесі де болған. Оқиға орнына үш патрульдік қайық пен жағалау күзетінің үш буксирі жіберілді», – делінген жергілікті полиция қызметінің мәлімдемесінде.

Оқиға Грекияның Корфу аралының жағалауында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button