BasNewsЖаңалықтар
Талдықорғанда бір отбасы жол апатында қайтыс болды: бір жасар ұлы жансақтау бөлімінде
Талдықорған маңында жол апатынан ерлі-зайыптылар мен қызы қайтыс болды. Бір жасар ұлдары жансақтау бөлімінде жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға Талдықорған-Үштөбе тас жолының 2,5 шақырымында 18 ақпан күні сағат 5:00 шамасында болды. Жүргізуші 1992 жылы туған Марлен Байғоңұров Subaru Impreza көлігін басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Көктайғақ салдарынан шетелдік көлік алдымен аударылып, кейін ағашқа соғылған. Жүргізушінің өзі мен оның әйелі 1990 жылы туған Арина Миербкова оқиға орнында көз жұмды.
Бір жасар және жеті жасар екі кішкентай бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Көп ұзамай жеті жасар қыз алған жарақатынан қайтыс болды. Дәрігерлер бір жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр.



