BasNewsЖаңалықтар

1 наурыздан бастап ЖК мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштер қабылдау басталады

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1—15 наурыз аралығында «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ жүзеге асырылады.

Мақсаты — шағын және орта бизнестің әлеуметтік проблемаларды шешуге, оның ішінде әлеуметтік инновацияларды ендіру және әлеуметтік қызметтер көрсетуге жәрдемдесу арқылы қатысуын ынталандыру.

Анықтама үшін: 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Тізілім Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 29 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілді.

Бүгінгі таңда Республикалық Тізілім тек Қарағанды облысының әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қалыптастырылды. Айта кету керек, біздің аймақ республика бойынша ең белсенді болып шықты.

Әлеуметтік кәсіпкерлер үміттене алатын қолдау шараларының пакетіне салық жеңілдіктері, мемлекеттік мүлікті жеңілдікті шарттармен жалға беру, ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көмек және ҚР заңнамасына сәйкес басқа да көмек кіреді.  Әлеуметтік кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және басқа да ұйымдар жүзеге асырады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері 4 санатқа бөлінеді. Біріншісіне халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер кіреді. Екінші санат бірінші санаттағы азаматтардың өндіретін тауарларын, орындайтын жұмыстарын, көрсететін қызметтерін өткізуді көздейді.

Үшінші санат — мүгедектерге арналған, олардың тіршілік әрекетінің шектеулерін еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау үшін тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету. Төртінші санатқа отбасын нығайтуға, балалардың отбасылық тәрбиесін қамтамасыз етуге және ана мен баланы қолдауға, балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыруға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге және т. б. бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер көрсететін ӘКС енгізілген.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1—15 наурыз аралығында «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ Қағидаларға сәйкес қағаз түрінде немесе электрондық тасығыштарды пайдалана отырып және (немесе) электрондық құжаттар нысанында: 100000; Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13, 307-каб. мекенжайы бойынша жүзеге асырылады (жеке, пошта арқылы, socpr22@mail.ru электрондық поштасы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы).

Байланыс телефоны: (8-7212) 50-38-76.

«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ

Басқа жаңалықтар

Back to top button