BasNewsЖаңалықтар

Жезқазғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт орталығы ашылды

Жезқазғанда «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт орталығы ашылды. Ол 80 адамға арналған. Орталықта футбол, пауэрлифтинг, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, үстел теннисі және садақ ату секциялары жұмыс істейді, – деп хабарлайды Basnews.kz,

Жаңа орталық Жастар сарайының ғимаратында орналасқан. Оның филиалдары спортты дамыту орталығы мен BODY фитнес-клубында да ашылған.

Секциялардан басқа жаттығу залдарына баруға болады. Сабақты арнайы оқудан өткен сегіз жаттықтырушы өткізеді.

— Ортаның қолжетімділігі — мүмкіндігі шектеулі адамдардың басты қажеттілігі, — деп атап өтті қала әкімі Қайрат Әбсаттаров нысанның ашылуында. — Орталықта тек спортпен шұғылдануға ғана емес, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, достар табуға да болады. Спорт – бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға толыққанды, белсенді өмір сүруге, рухын түсірмеуге және жеңіске жетуге мүмкіндік беретін керемет күш. Болашақ спортшыларға үлкен табыс пен жоғары жетістіктер тілеймін!

Айта кету керек, жаңа нысаннан басқа Жезқазғанда ерекше қажеттіліктері бар 55 бала шұғылданатын «Аялы алақан» күндізгі бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, қалада аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған тағы бір орталық ашу жоспарлануда. Қала мектептерінің инклюзивті сыныптарында 366 бала оқиды, 152 балаға үйде қызмет көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button