BasNewsЖаңалықтар

DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

Он бес елде жұмыс істейтін DiDi қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресейде жұмысын тоқтатады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Біз өз миссиямыз – жолаушылар мен серіктестеріміздің күнделікті өмірін ыңғайлы етіп, ең жақсы қызмет ұсыну деп есептейміз. Өкініштісі, біз мұны Қазақстанда бұдан былай жалғастыра алмаймыз. Мұнда DiDi 2022 жылдың 4 наурызынан бастап жұмысын тоқтатады», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.
Олар іске қосылған сәттен бастап өздерін қолдаған барлық жүргізуші мен жолаушыға алғыс білдірді.

«4 наурызға дейін әдеттегідей DiDi қызметіне жүгіне аласыз», – деп толықтырды компания.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button