BasNewsЖаңалықтар
Атырауда екі жұмысшы шатырдан құлап қаза тапты
Атырауда көп қабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу кезінде екі жұмысшы төбеден құлап қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты Qazaqstan ұлттық арнасы жариялады.
Белгілі болғаны қайтыс болған жұмысшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Олар қауіпсіздік белбеуін тақпапты. Соның кесірінен екеуі бірдей бес қабатты үйдің шатырынан тайып, құлап кеткен.
Олардың бірі — 25 жаста, ал,екіншісі — 36-да.
Полиция бұл іс бойынша тергеуді бастады.



