BasNewsЖаңалықтар

Спортқа кеткен қаржыны кім бақылайды?

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қоғамдық кеңес құруды ұсынбақ. Бұл туралы ҚР ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Андрей Крюков Ұлттық Олимпиадалық комитет әрқашан қаржыны таратудағы ашықтыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда комитет 2018 жылдан бері олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшыларды дайындау мақсатында мемлекеттік тапсырманы орындау барысында осыған басымдылық беріп, қаржы тікелей күнтізбелік жоспарларды орындауға жұмсалған.

«Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігімен мемлекеттік тапсырма туралы келісім-шарт аяқталғаннан кейін Ұлттық Олимпиадалық комитет министрлікке спорт бойынша қоғамдық кеңес құруды ұсынбақ. Оның құрамына қоғам белсенділерін, спортшылар мен федерацияларды тарту көзделген. Басты мақсат – бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Осылайша, осыдан төрт жыл бұрын спорттағы ашықтық пен адалдықты дамытуға арналған істі сақтап қалу», – дейді Андрей Крюков.

Бас хатшының айтуынша, ұйымның қызметі спорт қауымдастығының күш-жігерін біріктіруге және спорт федерацияларын дамытуға негізделген. Мемлекеттік тапсырма бойынша Қазақстан ҰОК бір жылға шарт жасасады және оның шеңберінде елдің мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламаларын дайындау және Регламентімен ұйымдастыру бойынша логистикалық қызметті жүзеге асырады.

Айта кетейік, жақында 2022 ждылдың сәуір айынан бастап Ұлттық Олимпиадалық комитет пен ҚР мәдениет және министрлігі арасындағы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортшыларды дайындау бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау туралы келісім-шарт уақытынан бұрын тоқталатыны белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button