BasNewsЖаңалықтар

Масаншыда қаза тапқан 11-адамның аты-жөні белгілі болды

Қордай ауданы Масаншы ауылында үйінді арасынан табылған адамның аты-жөні анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Генетикалық сараптама қорытындысы 11 ақпанда Масаншы ауылында үйінді арасынан табылған адамның аты-жөнін анықтады. Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты», – деді Жамбыл облысының полиция департаментіндегілер.

Полицейлердің мәліметінше, әкесі баласының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, 7-ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button