Жаңалықтар
Матрица: Алматы «қызыл» аймақтан шықты
Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Алматы қаласы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
24 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- «қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы;
- «сары» аймақта Алматы қаласы, Қостанай, Павлодар облыстары;
- «жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.



