BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы 15 теңгеге өсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда уақыты тағы да кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Техникалық себептер бойынша KASE қор нарығында сауда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00-ге ауыстырылды. Уақыттың өзгеруі KASE сауда-клиринг жүйесі жұмысындағы техникалық іркіліске байланысты. KASE келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», – делінген хабарламада.

KASE-тің басқа нарықтарында сауда-саттық штаттық режимде өткізіледі.

Айта кетейік, таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 15,30 теңгеге артып, 452,49 теңге болды. Ұлттық банк долларының 24 ақпандағы ресми бағамы 437,22 теңге болды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктінде доллар 452 теңгеден сатылып жатыр, Алматыда 11.00-дегі жағдай бойынша 459 теңге болды. 11.04-те кейбір айырбастау пункттерінде бағам 463,5 теңгеге жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button