BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысының ҚАЖД қызметкерлері макулатура тапсырып, ағаш отырғызады

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қағазды өңдеуге тапсырып, одан түскен қаражатқа ағаш көшеттерін сатып алуды көздеп отыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Күн сайын департамент қызметкерлері кеңсе қағаздарының ауқымды мөлшерін пайдаланады, олар кейіннен тасталады. ҚАЖ Департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Шәкіровтің бастамасы бойынша макулатураны қайта өңдеу пункттеріне тапсыру үшін қағаз жинауды бастау туралы шешім қабылданды. Түскен қаражатқа ағаш көшеттерін сатып алу жоспарлануда.

– Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі экологиялық ахуал мәз емес. Адамның күнделікті тыныс-тіршілігімен қоршаған ортаны ластайтын қоқыс саны да өсуде, – дейді Бекболат Шәкіров. – Бүгінгі таңда облыста ПЭТ-бөтелкелерді, полиэтилен пакеттерді, қағазды, картонды қабылдайтын және бұл үшін ақша төлейтін бірнеше пункт жұмыс істейді. Жалғыз шарт – барлық қайта өңдеу және ПЭТ бөтелкелері таза болуы керек. Біз облыс тұрғындарына өнеге бола отырып, оларды табиғатты қорғауға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button