BasNewsЖаңалықтар

Шахтинск технологиялық колледжінде студенттік жатақхана ашылды

Қазақстан бойынша топ-100 кіретін мамандықтары бар Шахтинск технологиялық колледжінің жанынан студенттік жатақхана ашылды. Ол 80 орынға есептелген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жатақхана оқу ғимараттарының бұрыңғы бір корпусында орналастырылды. Ғимарат 1964 жылы салынған. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мақсаты өзгертілді.

Жатақхананың бірінші қабатында ұл балаларға арналған, екінші қабатында қыздарға арналған бөлмелер орналасқан. Әр секцияда толығымен жиһазбен жабдықталған екі жайлы бөлме бар.

Сондай-ақ, душ және дәретхана бөлмелері бар.

Әр қабатта қажетті техникамен жабдықталған ас үй мен кір жуатын бөлме, демалыс бөлмелері бар.

Акт залы да бар. Сондай-ақ, 10 оқу кабинеті жабдықталған. Олардың әрқайсысында сабаққа дайындалуға болады.

Тегін интернетке қосылған компьютерлік сынып жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған бөлмелер, медициналық пункт және изолятор бар.

– Біздің колледжде сұранысқа ие мамандықтар бойынша 701 студент білім алуда. Мысалы, газ жабдықтарын жөндеу шебері. Біз «Сарыарқа» газ құбыры үшін мамандарды дайындаймыз. Мұндай мамандық тек Жезқазғанда ғана бар. Сондай-ақ, біз лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды жөндеу шеберлерін оқытамыз. Мұндай мамандық облыстың бірде-бір колледжінде жоқ.

Бұл мамандықтар Қазақстан бойынша топ-100-ге кірді, сондықтан бізде еліміздің басқа өңірлерінен де студенттер келіп, білім алғысы келеді. Бірақ тұрғын үйдің жоқтығынан басқа қалалықтар бізге келуден бас тартуға мәжбүр болған еді. Сондықтан жатақхана біз үшін қажет болды, – деді колледж директоры Әлия Саттыбаева.

Студенттердің қауіпсіздігін тәулік бойы күзет, бейнекамералар мен бақылау-өткізу жүйесі қамтамасыз ететін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button