BasNewsЖаңалықтар

«Адамдардың миллиардтаған ақшасына жауап бергісі» келмеген Алмаз Ержан «Қазақстан халқына» қорынан шығып кетті

Қоғам қайреткері, блогер Алмаз Ержан Қазақстан халқына» қорынан шыққандығы туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің  Facebook парақшасында хабарлады.

Себептер: Жеке өзіме пайда жоқ!  Мен басқа адамдардың миллиардтаған долларына тегін жауап бергім келмейді, – деп жазды блогер.

Оның сөзінше, бұл шешімді ол өзі қабылдады.

Бірден айта кету керек, мені ешкім қуған жоқ, ешкім баспады, ешкім мені көндіруге тырыспады, қоңырау шалмады. Мен бұл шешімді 100% өзім қабылдадым, – жазды Ержан Алмаз.

Қоғам белсендісі оның қорға еншақндай шағымы жоқ екенін хабарлады.

Менің қорға немесе олардың қор мүшелеріне ешқандай талаптарым немесе келіспеушіліктерім жоқ. Келесі жолы Алмаз Ержанның осындай жобаға қатысуын қаласаңыз6 алдымен оны осындай жобаның төрағасы немесе басшысы етіп тағайындап, оған өз командасын жинауға мүмкіндік беруді ұсынамын. Содан кейін мен сізге әрбір тиын үшін жауап беремін. Баршыңызға маған сенім артқандарыңызға көп рахмет! – деп аяқтады блогер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button