Нұра ауданының көп балалы отбасыларына еріктілер азық-түлік жиынтықтарын таратты

Nura Arnasy еріктілер тобының өкілдері Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің Birlik қайырымдылық қорымен бірлесіп Жараспай ауылының және Нұра кентінің бес көпбалалы 15 отбасына азық-түлік жиынтығын табыс етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Салмағы 35 келі болатын азық-түлік жиынтығын Birlik қайырымдылық қоры жинады. Азық-түлік жиынтығын таратуға 10 волонтёр қатысты.
– Көп балалы отбасылардың тізімі бізге ауылдық әкімдіктерде ұсынылды. Азық-түлік жиынтығына жемістер, көкөністер, жарма, макарон, күнбағыс майы, ұн, шай кірді. Біз Birlik қорына демеушілік көрсеткені үшін ризамыз. Біздің ауданда осындай қайырымдылық акциялары жиі өткізіліп тұрады, – деді Nura Arnasy еріктілер тобының жетекшісі Талғат Шолтаев.
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанындағы Birlik қайырымдылық қоры демалыс күндері бар-жоғы 50 азық-түлік жиынтығын таратты. Нұра ауданынан басқа, Қарағанды мен Нұр-Сұлтанның көп балалы және аз қамтылған отбасылары көмек алды.
Қор бір жыл бұрын құрылған. Осы уақыт ішінде оның күшімен үш мыңнан астам азық-түлік жиынтығы таратылып, онкологиялық аурулары бар балаларға арналған алты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ол түрлі қайырымдылық шараларына белсенді қатысады, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке жинауға көмектеседі.



