BasNewsЖаңалықтар
Украинаның ЕО-ға кіруге өтініші тіркелді
Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтініші тіркелді. Бұл туралы ЕО-дағы Украина өкілі Всеволод Ченцов Twitter-де жазды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Құжатқа президент Владимир Зеленский қол қойды.
«Президент Зеленский қол қойған Украинаның ЕО мүшелігіне өтінішін Францияның ЕО-дағы Тұрақты өкілі Филипп Леглиз-Костаға бердім (…) Өтінім тіркелді. Процесс басталды», – деді Ченцов.
Бұған дейін Зеленский Украина ЕО-ға мүше болуға құқылы екенін мәлімдеген болатын. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке терең трансформациялық процестерден өту керек екенін, мұны бірнеше айда жүзеге асыру мүмкін емес екенін айтты.



