BasNewsЖаңалықтар

Сәтбаев қаласында дамуында ерекшеліктері бар балаларды қолдау кабинеті ашылды

Сәтбаев қаласының №3 орта мектебінде ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті пайда болды. Мұнда жаңа туған нәрестелерден бастап 18 жасқа дейінгі психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу, көру, есту, ақыл-ой, аутизм спектрі бұзылған балалар көмек ала алады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі баланы дамыту және тәрбиелеу бойынша жеке ұсыныстарды логопед, психолог, дефектолог, тифлопедагог және басқа мамандар береді.

Ерте жастағы балаларды (0-ден 3 жасқа дейін) және мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға баса назар аударылады. Оңалту мерзімі үш айдан бір жылға дейін болады.

Сабақтар жеке, сондай-ақ кіші топтық және топтық нысандарда өткізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша қашықтан форматты қарастыруға болады.

Жыл сайын түзету кабинетінде дамуында ауытқулары бар 100-ден астам бала көмек алады.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17б мекен-жайында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button