BasNewsЖаңалықтар

Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) қазақстандық 23 жүк көлігі Украина аумағынан шығып кеткенін хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«4 наурыздағы жағдай бойынша ИИДМ, ҚР Сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдары көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында», – деді ҚР ИИДМ баспасөз қызметі өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button