BasNewsЖаңалықтар
Доллар 525 теңгеден сатылуда

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 523-525 теңгеге жетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, сағат 12.25-те Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 522-525 теңгеден сатып, 517-519 теңгеден сатып алып жатыр. Еуроны 573-578 теңгеден сатады, 566-571 теңгеден сатып алады.
Нұрс-Сұлтанда долларды сату бағамы 521-522 теңге аралығында, сатып алу – 516 теңге. Бұл жағдайда ақша алмастырғыштардың көпшілігі валюта саудасын тоқтатқан. Еуроны 570-571 теңгеден сатады, 560-564 теңгеден сатып алады.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге артып, 501,64 теңгеге тең болды. Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы – 499,20 теңге.



