BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды

Жамбыл облысында 2 жасар бүлдіршін темір жолға жүгіріп шығып, пойыз астына түсіп көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Қазақстан темір жолы” АҚ-қа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай болған кезде сәби темір жолда жалғыз жүрген. Оқиға 4 наурыз күні Жамбыл облысындағы Малдыбай станциясында болған.

«Трагедия орын алған кезде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, отбасы темір жолға жақын маңда тұрады», – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.

ҚТЖ көз жұмған баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button