BasNewsЖаңалықтар

Винницадағы әуежай толық жойылды – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Винница маңындағы әуежай Ресей әскери күштері ұшырған зымыран соққысынан кейін толығымен қирағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды  Basnews.kz тілшісі УНИАН порталына сілтеме жасап.

«Маған қазір ғана Винницада зымыран соққысы жасалғаны айтылды – 8 зымыран. Біздің бейбіт Винницамыздың Ресейге ешқандай зияны жоқ еді. Зымыран соққысы қатты болды, әуежай толығымен қирады. Олар біз, ата-анамыз, ата-әжелеріміз, украиналықтардың ұрпағы құрған инфрақұрылымымызды, өмірімізді жойып жатыр», – деді Зеленский видеоүндеуінде.

Ол Украина аспанында тыныштық болғанын қалайтынын айтты.

«Барлық ресейлік зымыран, ресейлік авиация, барлық террорист үшін жабыңыздар. Гуманитарлық әуе аймағын зымырандарсыз, әуе бомбаларынсыз жасаңыздар. Біз – адамбыз және адамдарды қорғау – сіздердің гуманитарлық міндеттеріңіз, ол сіздердің қолдарыңыздан келеді. Егер оны жасамасаңыздар, өзімізді қорғау үшін ұшақ бермесеңіздер тек бір қорытындыға келеміз – демек сіздер де ақырындап біздің көзімізді жоя бастағанын қалайсыздар. Бұл дүние жүзі саясаткерлерінің де, батыс басшыларының да жауапкершілігі. Бүгіннен бастап және біржола», – деді Зеленский.

Басқа жаңалықтар

Back to top button