ҰҚК қызметкерлері күдіктілерден 114 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбедегі департаментінің қызметкерлері интернет ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен екі азаматты ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 келіден артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары тәркіленген. 25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталған. Олардан тінту кезінде 2,8 келіден артық синтетикалық есірткі алынды.

Сонымен қатар, 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдады деген күдікті азамат ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 келі психотроптық зат алынды.

«Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр. Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ақтөбе қ. және Өскемен қ. тергеу соттары көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.


