BasNewsЖаңалықтар

Премьер-министрдың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында кеден саласындағы мәселелер қаралды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кедендік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР қаржы бірінші вице-министрі М. Сұлтанғазиев баяндады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, бүгінде ҚХР-мен шекарадағы «Алтынкөл» және «Достық – Теміржол» теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Үкімет ҚХР-дан ҚР-ға «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешті, ал электрондық кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.

Кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі қазіргі жағдайға байланысты туындайтын және болуы ықтимал сын-тегеуріндерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті.

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың келесі отырысы 9 наурызда өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button