BasNewsЖаңалықтар
Ауа райына байланысты Қазақстанның 3 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
9 наурызда түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең 9 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.


