BasNewsЖаңалықтар
Қарағанды облысында тұтқындар түрмеден қашып кетті
Шахтинск қаласында екі сотталушы уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті аталған жәйттің 8 наурыз күні таңертең болғанын растады.
24 пен 25 жастағы сотталушылар серуен кезінде қашып кеткен. Араға бірнеше сағат уақыт салып екеуі де ұсталды. Алайда полиция оларды қайдан және қалай ұстағандарын айтқан жоқ.
«Аталған дерек бойынша ҚК-тің 426-бабына (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екеуі үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінген хабарламада.


