BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жаппай төбелес соңы атыспен аяқталды

7 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылы маңында жаппай төбелес болды. Оған 30-ға жуық адам қатысқан. Салдарынан оқиғаға қатысушылардың бірі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, алдын ала деректерге сәйкес, қақтығысқа екі ауылдың тұрғындары қатысқан.

«Әртүрлі калибрлі қарудың оқ-дәрісі, сондай-ақ екі Lexus және ВАЗ көліктері табылды. Жанжалға екі ауылдық округтің тұрғындары, негізінен 25-30 жас аралығындағы ауыл жастары қатысқаны анықталды. Қақтығысқа не себеп болғаны әлі анықталып жатыр», – деді Azattyq Rýhy Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай төбелес дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция оқиғаға қатысушылардың іздестіріліп жатқанын, жедел жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button