Шымбұлақта қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты
«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортындп қар көшкіні жүріп, оқыс оқиға салдарынан келуші көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі кешеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келуші шаңғы мен төмен түсіп келе жатқан кезде қар көшкінін тоқтататын техникамен соқтығысқан, оқиға 10 наурыз сағат 10.58-де орын алған.
Курорттың құтқарушыларына Комби-2-нің сегізінші бағанының үстіндегі аумақта қар көшкіні болғаны туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 11.02-де жеткен.
«Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11.05-те шаңғышының денесі табылды. Келуші шаңғы тебуге рұқсат етілген аумақтан шығып, жоғары көтерілген. Ер адамның қажетті құрал-жабдықтары болмаған», – деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.
Бұл ретте ТЖД оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.


