Көпбалалы отбасы баспаналы болды
«Қазақмыс» компания қызметкеріне 4 бөлмелі пәтер сыйлады. Нұрқазған тау-кен байыту комбинатының электр слесарі Бекболсын Білбаев 7 қызыдың әкесі. Осы уақытқа дейін отбасы мүшелері жалдамалы үйлерді жағалап жүрді, өйткені өздерінің баспанасы болмаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Әлі есімнен кетер емес: 10-шы желтоқсанда көшеде келе жатқан едім, маған кадр бөлімінен қоңырау шалды. Олар маған 4 күннен кейін пәтер кілтін алуға болатынын хабарлады. Тұла бойым шымырлап кетті. Бірден қуанышымды біреумен бөліскім келді. Әрине, қуанышты хабарды ең бірінші жұбайыма айттым. Басында туыстарымызға айтпауды жөн көрдік – кілт берілгенше күтеміз деп шештік. Бірақ шыдай алмадық – ерте хабарлап қойдық. Мұндай тамаша жаңалықты іште сақтау қиын!», – дейді қуанышымен бөліскен бақытты отағасы.
Білбаевтер әулетін тағы бір үлкен тосын сый күтті: оларға жаңа жиһаз бен тұрмыстық техниканың толық жиынтығы табысталды.
Тек былтырдың өзінде Қазақмыс компаниясынан 45 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Ал 2019 жылдан бері 140-тан астам көп балалы немесе аз қамтылған отбасылары жаңа тұрғын үйге ие болды.
Бұл бағдарлама биыл да өз жұмысын жалғастырады. Холдинг басшылығының сөзінше, компанияның басты құндылығы – онда жұмыс істейтін адамдар. Сондықтан олар өз қызметкерлерінің ең жақсы жағдайда өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін барлығын жасап жатыр.