Ауа райына байланысты алты өңірде тасжол жабылды

«Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс шектелді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуды ұсынамыз», – делінген хабарламада.
Ақмола облысында жол жабылды: Жезқазған – Петропавл учаскесі: Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы.
Ақтөбе облысында: Ақтөбе – Атырау, Ресей шекарасы, Шұбарқұдық кентінен Атырау облысының аумағына дейін;
Самара – Шымкент, «ЭКО ОЙЛ» ЖҚБ мен Қызылорда облысының аумағы арасындағы учаске;
Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай жүк және қоғамдық көлік түрлеріне арналған, Қарабұтақ кенті мен Қостанай облысының шекарасы арасындағы учаске.
Батыс Қазақстан облысында: Орал – Тасқала – Ресей Федерациясының шекарасы, Тасқала ауылы арасындағы аудан мен Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
Самара – Шымкент, Ресей Федерациясы мен Орал шекарасы арасындағы учаске;
Атырау – Орал, Атырау облысы мен Орал шекарасы аралығында;
Орал – Тасқала –- Ресей Федерациясы, Орал қаласының шекарасынан Тасқала ауылына дейінгі учаске;
Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясы, Подстепное ауылынан Ресей шекарасына дейінгі учаске.
Қарағанды облысында: Жезқазған Петропавл, Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске.
Қостанай облысында: Жезқазған Петропавл, Қарағанды облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске;
Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай, Ақтөбе облысының шекарасынан Жайылма ауылына дейінгі учаске.
Қызылорда облысында: Самара – Шымкент, Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі учаске.


