BasNewsЖаңалықтар

Түркіменстандағы президент сайлауы аяқталды

Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы аяқталды. Оған сайлаушылардың 97 пайызы қатысқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Дауыс беру нәтижесі жеті күннің ішінде жарияланады.

Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сай, елде 3,43 миллион адам дауыс беру құқығына ие, 2 577 сайлау учаскелері ұйымдастырылған.

Сайлау барысын 2 726 ұлттық бақылаушы, сонымен қатар ТМД елдерінен бақылаушылар миссиясы қадағалап отырады. Президенттікке үміткер ретінде 9 адам тіркелді. Олардың арасында Түрікменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің ұлы да бар.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 19:00-де аяқталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button