BasNewsЖаңалықтар

Елде қант тапшылығы жоқ екенін Сауда министрлігі хабарлауда

Елде қант тапшылығы жоқ, – деп хабарлайды Basnews.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» – деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.

Еске салсақ, бұған дейін де Қазақстандағы қанттың қоры 3 айға жететіндігі хабарланды. Алайда бірнеше өңірде қант саудасына байланысты ажиотаж байқалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button