Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдыұлы қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарына қарағанда, Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріледі.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

 

Back to top button