Жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімдігінде қант жағдайына қатысты түсініктеме берілді

Қарағанды облысында қант тапшылығы жоқ. Көтерме сауда қоймаларында тәтті тауар қоры бар. Алдағы күндері тағы он вагон жеткізіледі деп күтілуде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінде қант дүрлікпесі орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берілді.

– Таңертең көтерме саудагерлермен сөйлестік. Қазір олар барлық сауда нысандарына қант жібереді. Қоймаларда 500 тоннадан астам қалдық бар. Бұдан басқа, он вагон келе жатыр және тағы бес вагон қанттың ақшасы төленді, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева аппараттық кеңесте.

Ол тұрақтандыру қорында қант қоры бар екенін және азық-түлік корпорациясы өнім партиясын бөлетінін жеткізді.

– Негізсіз дүрлікпе бар. Қантқа да, басқа тамақ өнімдеріне де қатысты проблемалар жоқ. Жағдайды ерекше бақылауда ұстауды сұраймын. Алыпсатарлық болған жағдайда мәселелерді жедел шешу керек, – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button