Жаңалықтар
Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі сауда орталығында өтеді

Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі 17 наурыз, бейсенбі күні өтеді. Халықты жұмыспен қамту орталығы оны «Алтын Арба» сауда орталығының аумағында ұйымдастырады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Іс-шара 14:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады. Жұмыс іздеп жүргендердің барлығы, соның ішінде жас жұмыссыздар, мүмкіндігі шектеулі адамдар жүгіне алады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, пробация қызметіне, алимент бойынша борышкерлерге жұмысқа орналасуға көмек ұсынылады.
«Алтын Арба» СФО Зональная көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан.
Байланыс телефондары: 996-397, 996-393.
Whatsapp: 8-775-644-35-80.



