BasNewsЖаңалықтар
Елімізде үш жаңа облыс пайда болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үш жаңа облыс құруды тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Семей өңірінде Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығына айналады», – деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент жаңа Облыстың пайда болу себептерінің бірі қаланың ішкі инфрақұрылымының тозуы болғанын атап өтті.
«Ұлытау өңірін құру керек. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығына айналады», – деді Тоқаев.
Сондай-ақ, президент Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлуді тапсырды.
Жаңа Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласында болады, оны Қонаев деп қайта атау ұсынылды. Ал Жетісу облысының әкімшілік орталығы Талдықорғанда орналасады.



