BasNewsЖаңалықтар

Ер адам төрт жасар баланы анасымен бірге өртеп жіберді

Рудный тұрғыны көршісімен жанжалдан кейін әйел мен оның 4 жастағы баласына керосин шашып, жағып жіберген. Қазір Қостанай облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«16 наурыз күні 44 жастағы ер адам көршісінің есігін қағып, ар жағынан баласын көтеріп шыққан 32 жастағы келіншекке керосин шашып, өртеп жіберген.

Аталған оқиға бойынша полиция адам өлтіруге оқталу бабы жөнінде сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары тікелей менің бақылауымда.

Төрт жасар сәби қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 40 пайыздан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Ал әйел адамның қолының білезік тұсы күйген. Жағдайдың осылай өрбуіне көршілер арасындағы жанжал себеп болған», – деді Ерлан Омарбеков.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ал 32 жастағы әйелдің қолын күйік шалған.

Back to top button