BasNewsЖаңалықтар
Гүлмира Сатыбалды 2 айға қамауға алынды
Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Нұр-сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.
«2022 жылғы 18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген сот хабарламасында. Сот өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейтінін хабарлады.
Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.