BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырлап тастаған

Полицияға 44 жастағы әйел арызданды, ол түнде жанжал кезінде күйеуі аяғын жылыту радиаторына темір шынжырмен байлап тастағанын айтқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы әйел күйеуін жауапқа тартуды сұрап арыз жазған. Әйелдің айтуынша, отбасылық жанжал кезінде түнде күйеуі аяғын жылу радиаторына металл шынжырмен байлап тастаған. Ол сол жерде таңға дейін отырған.
Ұсталған адам өз әрекетін жұбайының алкогольді асыра пайдалануымен байланыстырды. Ер адам мұндай әрекетке әйелі түнде кетіп қалмауы үшін барған.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Осы бап бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button