BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда ЖЭО құбыры құлады

Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі опырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Севказэнерго» баспасөз қызметі ақпаратты растап, оқиға орнында барлық төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатқанын, жұмысшыларды түгендеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

ЖЭО-2-нің құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Құрылымның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна.

Еске салайық, 2016 жылы құлаған құбыр жөнделген болатын. 2021 жылы қараша және желтоқсанда Петропавлдағы ЖЭО-2-де екі рет апат болды. Екі ретте де 2 қазандық істен шықты. Кейін қаланың бірнеше ауданы электр жарығынсыз қалған болатын.

https://www.instagram.com/p/CbVLcXzlK0H/

Back to top button