BasNewsЖаңалықтар

Түркістанда 21 наурыз күні үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және өндірушілердің өнімдерін тікелей делдалсыз сату тізбегін қалыптастыру мақсатында, 2022 жылдың 21 наурыз күні Түркістан қаласындағы «Эко базар» аумағында Түркістан облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Эко базар» аумағында өткен сауда алаңында 50-ге жуық тауарөндірушілердің, 411 тоннадан астам өнімдері шығарылды. Азық- түлік нарықтағы бағадан 15-20 %-ға  төмен саудаланды.

Ет өнімдері – 55 тонна,

жемістер мен көкөністер – 148 тонна,

сүт өнімдері – 88 тонна,

балық өнімдері – 8 тонна,

жеміс-жидек – 16 тонна,

басқа өнімдер – 66 тонна.

Жәрмеңкеде бір килограмм сиыр еті 2050 теңгеден сатылды. Жылқы еті-2200 теңге, қой еті-2100 теңге. Шұжық өнімдері мен күркетауықтың бір килограмы 900 теңгеден сатылды. Орташа есеппен, ет өнімдері нарықтағы бағадан 10-25%-ға төмен болды.

Жемістер мен көкөністердің құны да әдеттегіден арзанға саудаланды. Алма-300 теңге, қызанақ – 700, қияр – 850, болгар бұрышы – 1300, қырыққабат – 180, пияз – 79, сәбіз – 135, картоп-160 теңге.

Үйдің сүт өнімдері нарықтық бағадан 15-30% төмен берілді. Қымыз-1л үшін 800 теңге, құрт – 1 кг 3000 теңге, сары май – 1 кг 2400 теңге, сүт – 1л 260 теңге, айран – 1л 340 теңге, сүзбе-1 кг 1720 теңге.

Жәрмеңкеде күн сайын тұтынатын өнімдер нарықтық бағадан 10-35% – ға төмен бағаланды. Нан-100 теңге, жұмыртқа – 370, ұн – 250, макарон – 230, қарақұмық – 430, күнбағыс майы – 720, қант – 480, тұз – 50, күріш-270 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button