BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында 52 жолаушы құтқарылды
Көкпекті асуында автобусы бұзылып, жолда қалған 52 адам құтқарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 52 жолаушы мінген автобус елсіз далада бұзылған.
Жолаушылар Еңбекшіқазақ ауданы Нұра стансасынан 25 шақырым жердегі Көкпекті асуында, Боғаты тауында қалып қойған.
Оларды құтқаруға департаменттен 3 қызметкер және бір техника көмекке келді.
Автобус жолаушыларының бәрі – Алматы қаласының тұрғындары. Туристер Нұра стансасына жеткізілді. Әрі қарай жолай кездескен көліктермен өз бетінше діттеген жеріне аттанып кетті.



