BasNewsЖаңалықтар
Боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

Боранға байланысты Қазақстандағы бірқатар республикалық маңыздағы жолдарда автокөлікпен сапарламау туралы ескерту жасалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, төрт облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы қиындады. Осы орайда Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы жолдар жабылды.
Ақмола облысында мына жолдарда шектеу енгізілді:
- «Жезқазған – Петропавл» жолының 377-445 шақырымындағы Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласы аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының 1291-1353 шарықымындағы Жібек жолы ауылы мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының 1275-1291 шақырымындағы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жібек жолы ауылы аралығы;
- «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» жолының 36-51 шақырымындағы Қабанбай батыр мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы.
Ақтөбе облысында жабылған жол учаскесі:
- «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» жолының 12-90 шақырымындағы Ақтөбе мен Қандыағаш аралығы.
Қарағанды облысы аумағында мына жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 65-252 шақырымындағы Жезді мен Қостанай облысы шекарасы аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының 1446-1457 шақырымындағы Теміртау мен Қарағанды қалалары аралығы;
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 17-217 шақырымында Қарағанды қаласы мен Қарқаралы қаласы учаскесі;
- «Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1066 шақырымындағы Қараганды мен Молодежный аралығы;
- «Екатеринбор-Алматы» жолының 1505-1847 шақырымындағы Жұмабек пен Балқаш аралығы;
- «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» жолының 51-266 шақырымындағы Ақмола облысы шекарасы – Теміртау қаласы учаскесі.
Қостанай облысы аумағында жабылған жолдардың тізімі:
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 340-377 шақырымындағы Арқалық пен Ақмола облысы шекарасы;
- «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-340 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық аралығы.


