BasNewsЖаңалықтар
Көлік жуу орталығында жұмыс істейтін қыз аяғынан айырылды
Жаңаөзендегі Empire көлік жуу орталығында оқыс оқиға болды. Көлік жуу орталығында жұмыс істейтін қыз жол апаты салдарынан аяғынан айырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, Kia жүргізушісі көлік жуатын орынған қатты жылдамдықпен кірген.
«Kia жүргізушісі көлік жуу орнына жылдамдықпен кірген. Осылайша, іштегі көлікпен соқтығысқан. Дәл сол кезде әйел көлік жуып жатқан.
Нәтижесінде инерциямен көлік қызметкерді қағып кеткен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді», – деді куәгерлер.

Жаңаөзен қалалық ауруханасының дәрігерлері қыздың аяғын кесуге тура келгенін айтқан.
Дәрігерлердің айтуынша, қыз жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілген. Операция жасап, аяғын кесуге тура келген.



