BasNewsЖаңалықтар
Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралды
Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан «Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
«Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуекомпаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты Нұр-Cұлтан әуежайына оралды», – делінген ААК хабарламасында.
Әуе кемесі Нұр-Сұлтан әуежайына таңғы сағат 08:32-де сәтті қонды.
Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған дерек бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.