BasNewsЖаңалықтар
Әлемдік мұнай бағасы құлдырап барады

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 долларға түсті, деп хабарлайды Basnews.kz.
Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан төмен болған еді.
Сәуір айында фьючерстер бойынша WTI маркілі мұнай бағасы 27,1 пайызға кеміп, баррелі 32,48 доллар болды.
Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында короавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендеп жатыр.



