BasNewsЖаңалықтар
29 наурызда доллар бағамы қанша болатыны белгілі болды

Ұлттық банк 29 наурызға доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын белгіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сейсенбіде доллар бағамы 484,49 теңгеге тең болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 26-28 наурыздағы ресми бағамы – 494,16 теңге.
29 наурыздағы рубльдің ресми бағамы – 4,97 теңге.
Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 484,49 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 476,87 теңге, сатылым – 481,90 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 477,24 теңгеден сатып алады, 482,72 теңгеден сатады.



